%20(1).jpg)
WINNUM ASIA — станоктардан автоматтандырылған режимде, адамның қатысуынсыз алынған мәліметтерді терең аналитиканың көмегімен өңдеу негізінде станоктық қондырғыларға мониторинг жасауға арналған Қазақстандық бағдарламалық қамтамасыз ету жасаушысы. Компанияның негізгі өнімі — WINNUM CNC бағдарламалық қамтамасыз етуі
Компания 2018 жылы Tech Garden инновациялық орталығының акселерация бағдарламасын сәтті аяқтаудың нәтижесінде құрылды және сол уақыттан бастап Қазақстан Республикасының нарығында жеке компаниялармен де, ірі стратегиялық тау-кен металлургия корпорацияларымен де табысты жұмыс жүргізіп келеді
Біздің бағдарламалық қамтамасыз ету өндірістік компанияларға станоктық қондырғыларды (заманауи Сандық Бағдарламалық Басқару жүйесі бар станоктарда, универсалды станоктарда) тиімді пайдалану деңгейін қысқа мерзімде бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді. Бұл — станоктық қондырғының нақты, объективті мәліметтеріне негізделген мониторингтің арқасында мүмкін болады. Нәтижесінде кәсіпорын өнім шығаруды ұлғайта алады және/немесе өндірістік шығындарды қысқартуға қол жеткізеді
Компания жасаған бағдарламалық қамтамасыз етудің әмбебаптығы оны дәстүрлі архитектура (on-premise – кәсіпорынның желілік және серверлік инфрақұрылымы шеңберінде орнатумен) негізінде, сондай-ақ SaaS технологияларын қолдана отырып (on-cloud – өз инфрақұрылымын орналастыруды қажет етпейтін дайын серверді қолдану арқылы, бұл өз кезегінде енгізу және пайдалануға беру мерзімдерін едәуір қысқартады) пайдалануға мүмкіндік береді