WINNUM CNC жүйесі зауыттағы ішкі жергілікті желінің көмегімен (Интернетсіз) металкескіш станоктарға қосылады, сонымен қатар қосылу үшін желіге ешқандай қосымша қондырғыны орнату керек емес, тек желінің бар болуы жеткілікті
Сандық Бағдарламалық Басқару жүйесі бар станоктарға сол станоктағы IP адресті көрсету жеткілікті, яғни ешқандай қосымша аппараттық құрылғылар, бағдарламалық қамтамасыз ету немесе арнайы опциялар мүлдем қажет етілмейді. Станоктар кепілдікте немесе лизингта болуы мүмкін. Қазіргі нарықтағы барлық Сандық Бағдарламалық Басқару жүйелерін (сонымен қатар ҚХР-да жасалынған) WINNUM CNC жүйесі қамти алады, мысалы:
Балт-Систем, Fanuc, Fagor, GNС 62, HAAS, HNC, PrimaPower, Syntec, GSK, Sodick, IntNC
Heidenhain, Mazak, Okuma, Mori Seiki, Hurco Winmax, Syntec, Mitsubishi, Мехатроника
Siemens Sinumerik (вкл. PowerLine, SolutionLine және Sinumerik One) және басқаларда
Сандық Бағдарламалық Басқару жүйесі жоқ универсалды станоктар үшін - әр станокқа WINNUM Hardware арнайы құрылғысы орнатылады және бұл құрылғыны орнату сол станоктың электроавтоматика жүйесі арқылы жүзеге асады
WINNUM Hardware - бұл коммуникациялық қондырғылар топтамасы, құрамына келетін болсақ: қажетті сенсорлар, электр сымдары және бекіту элементтері. Барлық универсалды станоктарда орнатуға болады , мысалы:
16К20, 1М63
250ИТВМ, МК6056 және басқаларда
Сандық Бағдарламалық Басқару жүйесі бар станоктардан мәліметтер Сандық Бағдарламалық Басқару жүйесінің PLC контроллері арқылы алынады, осындай әдіс станоктардағы механикалық өңдеу процесіне кедергі жасалынбай, реалды уақыт режимінде мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Мәліметтер саны шектелмеген, қалыпты жағдайда ~300 параметр есепке алынады, олар:
Координаттар , кесу жылдамдығы, кесу процесіндегі станокқа түсіп жатқан жүктеменің мәні
M/G кодтар, корректорлар, кадрлар
Өңдеу стратегиясы және кескіш құралдар
Ақаулар және жұмыс уақыты
Кесу режимдері және оператордың іс-әрекеттері
Өңделген детальдарды және сол детальдарды санауға жауап беретін параметр
Сандық Бағдарламалық Басқару жүйесі жоқ универсалды станоктардан дискретті жағдайдағы мәліметтер (шпинделдің айналуы, СМС (салқындатқыш-майлағыш сұйықтық), приводтардың дайындығы және т.с.с) және аналогты жағдайдағы мәліметтер (электрлік тоқ, приводқа түсірілетін жүктеме мәні және шпинделдің айналу жылдамдығы және т.с.с) алынады

Мәліметтер тұрақты режимде қажетті дискреттілікпен алынады және WINNUM CNC жүйесінің реляциондық емес (NoSQL) мәліметтер базасы негізінде сақталынады, соның арқасында:
Мәліметтер алғашқы қалпында сақталынады, яғни мәліметтер станокта қандай мәнде болса, сол мәндермен алынады
Мәліметтердің көлемімен оларды сақтау уақыты бойынша ешқандай шектеу жоқ
Мәліметтерді сақтау орнының көлемі айтарлықтай үнемделеді (бір станокқа ~3-4 Гб бір жылдың ішінде)
Қабылданған мәліметтер WINNUM CNC жүйесінде көптеген дашбордтарды, аналитиканы және есеп беруді, OEE мәнінің есептелуін және көзге көрінбейтін шығындарды анықтауға қолданылады, соның арқасында:
Жоғары деңгейдегі басшылар зауыттың өндірістік қуатын, өндірісті кері тартып жатқан факторларды және өндірілген өнімнің нақты санын бағалай алады
Технологтар енгізіліп жатқан технологияның тиімділігін және оның ары қарай жетілдіруін бағалай алады
Цех және участок басшылары операторлардың іс-әрекетін және олардың жұмыстарының тиімділігін көре алады, әсіресе түнгі ауысымда
Механиктер станоктың техникалық жағдайын, ақауларды және жұмыс уақытының көлемін бақылай алады
Еңбек нормасына жауапты мамандар жұмыс күнінің нақты қалай болғанын көре алады
Әр зауыт өзіне қажетті мәліметті WINNUM CNC жүйесін қолдану арқылы ала алады, ал сериялық типтегі өндірісте - бұл өндірілетін өнім санын, сол бұрыннан бар өндірістік қуатпен еселеп көбейту, сонымен қатар даналық өндіріс типінде - бұл бірінші дайын детальда жоғары сапаның болуы. Өндіріс типіне қарамастан ұсынылып отырған шешімнің орташа өз-өзін ақтауы - 2 ай және 1 жылдың ішінде алынатын 10 есе экономикалық тиімділік

WINNUM CNC жүйесі 3 бағдарламалық өнімнен тұрады және оларды әр түрлі физикалық серверлерде немесе Windows, Linux3 операциялық жүйелеріндегі виртуалдық серверлерде орнату ұсынылады:
WINNUM Connector – станоктардан мәліметтерді қауіпсіз алады және оларды басқару мүмкіндігі жоқ
WINNUM Cloud – реляциондық емес (NoSQL) мәліметтер базасы негізінде алынған мәліметтер уақыттың реттілігі бойынша сақталынады
WINNUM Platform – көптеген дашбордтарды, аналитиканы, есеп беруді және басқада параметрларды анықтау үшін мәліметтерді пайдаланады
WINNUM CNC жұмыс істеуі үшін сервер керек, станоктар зауыттың ішкі жабық жергілікті-есептеу желісімен болу керек
WINNUM CNC жүйесі Қазақстан Республикасының №56050 мемлекеттік тіркелуімен енгізілген